Maqsut Narikbayev University-де Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев қонақ дәріс өткізді. Спикер студенттермен өзінің банк саласындағы көшбасшылыққа жету жолымен бөлісті.
Нариман Мұқышев жеке тиімділік, әдеттерді қалыптастыру және мақсаттарға жетудегі дәйектіліктің маңыздылығы бойынша құнды кеңестерімен бөлісті. Спикердің айтуынша, үлкен нәтижелер күнделікті кішігірім әрекеттерден құралады. Бұдан басқа, SMART әдістемесі бойынша мақсаттарды қоюға талдау жүргізіліп, теңгерімді сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.
Нариман Мұқышевтің банк және IT салаларында, сондай-ақ мемлекеттік қызметте 20 жылдық тәжірибесі бар. Дәрістің жеке бөлігі Halyk Bank-та цифрландыру және экожүйені құру мәселелеріне арналды. Сонымен қатар спикер компанияның технологиялық платформаға айналуы туралы айтып берді.
Айта кетейік, Halyk Bank Қазақстанның ірі коммерциялық банкі ретінде белгілі.


