MNU «Видеожурналистика» майнорының студенттері қорытынды жұмыстарын үш толық телевизиялық жаңалық шығарылымы ретінде ұсынды. Триместр бойы олар тақырып іздеп, кейіпкерлер мен спикерлер тауып, телерепортаж жазып, ағылшын тілінде тікелей эфир жүргізуді үйренді. Шоукейске оқытушылар, басқа курс студенттері, достары мен отбасы мүшелері, соның ішінде өзге қаладан келген туыстар қатысты. Мектеп студенттерге жетекшілік етіп, қолдау көрсеткен оқытушы Меруерт Жақыповаға алғыс білдірді.
