Атамекен рейтингі
КөруQAA, FIBAA, IQAA, ACCA халықаралық және ұлттық аккредитациялық рейтинг агенттіктері Мақсұт Нәрікбаев университетіне 2016 жылдан бастап Қазақстанда бірінші болып өз үлгісі бойынша дипломдар мен сертификаттарды табыстау құқығын берді.
QAA (Quality Assurance Agency) – бұл Ұлыбританияның Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі аккредиттеу агенттігі
9 – бірыңғай талапсыз аккредиттелген бакалавриат бағдарламалары
FIBAA жетекші еуропалық аккредиттеу агенттігі экономикалық, құқықтық және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы жоғары және қосымша білім беру бағдарламаларының сапасына сараптама және аккредиттеу жүргізеді.
3 – бір шартсыз аккредиттелген докторантура бағдарламалары
Maqsut Narikbayev Universitу Бухгалтерлік есеп саласындағы іскерлік әкімшілендіру және Қаржы саласындағы іскерлік әкімшілендіру бағдарламалары қаржы және есеп саласындағы мамандарды біріктіретін, жаһандық деңгейде танылған кәсіби ұйым – ACCA (Association of Chartered Certified Accountants) аккредитациясынан сәтті өтті.
Халықаралық Экономика Мектебінің Қаржы және Бухгалтерлік есеп саласындағы іскерлік әкімшілендіру бағдарламалары ICAEW (Institute of Chartered Accountants in England and Wales) тарапынан 6 модуль бойынша аккредиттелген.
HRCI- бас кеңсесі АҚШ-та орналасқан халықаралық сертификаттау институты. Институт кадрларды аттестаттау және оқыту бойынша жетекші ұйым болып саналады.
MNU CEEMAN – орталық және Шығыс Еуропа менеджментін дамыту қауымдастығының толық мүшесі.
Білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау саласындағы алғашқы қазақстандық коммерциялық/үкіметтік емес ұйым.
Халықаралық Экономика Мектебінің студенттері MNU дипломымен қатар CIMA Operational Level Certificate алу мүмкіндігіне ие. Бұл беделді біліктілік Chartered Institute of Management Accountants (CIMA) ұйымы тарапынан берілетін жаһандық деңгейде танылған есеп, қаржы мен менеджмент салаларындағы жұмыс берушілер жоғары бағалайтын сертификат болып есептеледі.
Білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымша
MNU Қаржы саласындағы ғылым магистрі бағдарламасы GARP (Global Association of Risk Professionals) аккредитациясынан өтіп, оның талаптарына сәйкес әзірленген, бұл студенттерге халықаралық деңгейде мойындалған FRM (Financial Risk Manager) сертификатына дайындалуға мүмкіндік береді.
Maqsut Narikbayev University Қаржы саласындағы іскерлік әкімшілендіру және Қаржы саласындағы ғылым магистрі бағдарламалары CFA Institute University Affiliation Program аясында мойындалған.