Біз университеттің ілгерілету стратегиясын қалыптастырып, брендін күшейтіп, негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсуін қамтамасыз ете алатын мықты маркетинг көшбасшысын іздейміз. Бізге стратегиялық ойлайтын, команданы тиімді басқара алатын және өлшенетін нәтижелерге қол жеткізе алатын басшы қажет.
Міндеттері:
- Университеттің маркетингтік стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру.
- Білім беру бағдарламаларын ілгерілетуді басқару (digital және офлайн).
- Университеттің брендіне, позициялануына және беделіне жауап беру.
- Маркетинг командасы мен мердігерлердің жұмысын басқару.
- Маркетингтік бюджетті басқару және оның тиімділігін қамтамасыз ету.
- Білім беру нарығын талдау және ілгерілетудің жаңа құралдарын енгізу.
- Талапкерлерді тарту және брендтің танымалдылығы бойынша KPI көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету.
Талаптар:
- Маркетинг саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде басқарушылық тәжірибе.
- Өнімдер немесе жобаларды іске қосу және ілгерілету бойынша табысты кейстердің болуы.
- Digital құралдарын (SMM, performance маркетинг, SEO, аналитика) терең түсіну.
- Стратегиялық жоспарлау және бюджеттеу дағдылары.
- Көшбасшылық және коммуникациялық қабілеттердің жоғары деңгейі.
- Білім беру саласындағы тәжірибе артықшылық болады.
Біз не ұсынамыз:
1. Университеттің даму стратегиясына әсер ету мүмкіндігі;
2. Ірі маркетингтік жобаларды жүзеге асыру;
3. Бәсекеге қабілетті жалақы және бонус жүйесі;
4. Кәсіби команда және басшылықтың қолдауы;
5. Кәсіби өсу мен даму мүмкіндігі;
6. Тегін тренажер залы және кофехана.