Бүгін білім ордамызда “Case in by ERG” жобасының қорытындысы бойынша 4 000 000 теңгенің сертификаты табыс етілді. - MNU

Бүгін білім ордамызда “Case in by ERG” жобасының қорытындысы бойынша 4 000 000 теңгенің сертификаты табыс етілді.

Post Image
03.05.2024

Ең жақсы шешімін тапқан бақытты жеңімпазымыз MNU Халықаралық экономика мектебінің 2 курс студенті Қанат Қыдырәлі болып табылды. “Endowment MNU” КҚ және ERG компаниясының @ergkazakhstan бірлескен жобасы таланттарды қолдау аясында жүзеге асырылды және “Endowment MNU” корпоративтік қорының 8 жылдығына арналды. Айтып кететін жайт, студенттің жұмысына ERG серіктесіміз жоғары баға берді, бұл MNU мектептерінің кадрларды дайындаудың жоғары сапасының тағы бір дәлелі деп білеміз. ERG компаниясының Дарындарды басқару департаментінің директоры Анастасия Теодоровна Кручқа @anastassiya.kruch.pro және білім беру жобаларының менеджері Алексей Васильевич Дьяковқа @diakov3820 университетімізге келіп, дарындарымызды қолдағаны үшін алғыс білдірудеміз.