Maqsut Narikbayev University-де вайб-кодинг негіздері бойынша практикалық курс жалғасуда. Оқудан ҚР Құрылтайының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары өтті.
Курс барысында депутаттар вайб-кодинг негіздерін игеріп, нақты міндеттер үшін жеке цифрлық құралдарды әзірледі. Олар үлкен деректер массивін талдау, платформалар жасау және жұмыс процестерін автоматтандыруды меңгерді. Оқытуды университеттің Жасанды интеллектіні енгізу тобының мамандары жүргізді.

«MNU білім беру және ғылыми қызметпен шектеліп ғана қоймай, қоғам үшін өте пайдалы жобаларды жүзеге асыруға тырысады. Екі күндік оқу барысында біз вайб-кодинг негіздерін меңгеріп, ЖИ құралдармен жұмыс істеуді үйрендік. Цифрландыру және осындай технологиялардың қарқынды дамуы дәуірінде әрбір басшы мен депутат күнделікті жұмыста осындай құралдармен жұмыс істей білуі керек деп санаймын. Бұл біздің депутаттық қызметімізде өте қажет, себебі біз үлкен мәтіндермен, құжаттармен, салыстырмалы кестелермен және азаматтардың өтініштерімен жұмыс істейміз», – деді Құрылтай депутаты Екатерина Смолякова.
Депутат сондай-ақ заң жобаларын дайындауда түзетулер әзірлей алатын ЖИ көмекшісін құра алды. Курс күнделікті қызметте жасанды интеллектіні пайдалану дағдыларын кеңейтуге бағытталған. Оқу қорытындысы бойынша депутаттар өз жобаларын таныстырып, сертификаттар алды.
Айта кетейік, бұған дейін вайб-кодинг бойынша курстан Құрылтайдың Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің депутаттары өткен болатын.








