Бүгін біз көшбасшылық пен адалдықтың айқын үлгісін көрсете білген белді түлегіміз Азамат Тоқжановты еске алудамыз. Азамат жауапты қызметтерді атқара отырып, мансап шындарында бағындыра білді. Азаматтың бойындағы кәсібилігі мен жұмысы еліміздің энергетика саласындағы табысты жобаларына айналды. Білім ордамыздың өмірінде белсенді қатысушысы болды, өзін мықты көшбасшы және өз ісінің нағыз маманы ретінде дәлелдеді. Отбасында Азамат сүйікті жар, екі қарлығаштың әкесі болды. Жұбайы – талантты актриса, көрермендердің сүйіктісі Әлия Әнуарбек және екі қызғалтақтары-қыздары тірек болуымен қатар, жаңа белестерді бағындыруға шабыт беретін жандар болды. Азаматтың өмірінде бөлек бір төбе болған әпкесі Кәмшат Тоқжанова бауырының құрметіне Азамат Тоқжанов атындағы шәкіртақы тағайындап, бес дарынды білім алушыларға сапалы жоғары білім алуға мүмкіндік берді. Бұл стипендия жастардың мансабын бастауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар Азаматты, оның жетістіктерін және оған басшылық еткен құндылықтарды есте сақтайтын құнды дүниеге айналды. Бүгін Кәмшат Тоқжанованың өзіне де білім бұлағы болған мекен – MNU шаңырағына келіп, қолдап жүрген студенттерімен кездесті. Өз тарапымыздан осындай игі бастамаларға, университетіміздің дәстүрін қолдауға қосқан үлесі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Кәмшат ханымның күш-жігерінің арқасында Азаматтың мұрасы болашаққа қадам басқан әрбір студентте сақталады. Азамат Тоқжановтың істері жалғасын тауып, өнегесі баршамызды биік белестерге ұмтылуға шабыттандыратыны айқын.