MNU Logo
Legathon MaxUP 2027: Астана қайтадан болашақ құқығын зерттеу орталығына айналады - MNU

20.10.2026

Legathon MaxUP 2027: Астана қайтадан болашақ құқығын зерттеу орталығына айналады

Maqsut Narikbayev University (MNU) әлемнің түкпір-түкпірінен студенттерді үшінші International Legathon MaxUP сайысына қатысуға шақырады. Ауқымды заң саласындағы кейс-чемпионат 2027 жылғы 9-10 сәуірде өтеді.

International Legathon MaxUP жарқын ақыл-ойлар цифрлық дәуірдің өзекті құқықтық міндеттерінің шешімін табатын жаһандық конкурс. Бұл құқық пен технологияны біріктіретін және батыл идеяларды практикалық шешімдерге айналдыратын жас жаңашылдардың алаңы. Екі жыл ішінде байқауға 13 мемлекеттен 100-ден астам студент қатысты.

Сайыстың басты тақырыбы – Болашақ құқығы. Байқаудың серіктесі – Baker McKenzie халықаралық заң фирмасы. International Legathon MaxUP жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға ие болады.

2027 жылы студенттік командалар ағылшын және орыс лигаларында жарысатын болады. Студенттердің жұмысын жетекші тәжірибелі заңгерлер, мемлекеттік органдар өкілдері және халықаралық сарапшылар бағалайтын болады. Конкурсқа қатысуға заң факультетінің 4 студентінен және бір алып жүрушіден құралған университеттік командалар шақырылады.

Конкурсқа қатысу үшін «Алдағы 10 жылда жасанды интеллект ықпалымен құқықтық институттарды трансформациялау» тақырыбында 2000 сөзден аспайтын көлемдегі уәждемелік эссе қоса отырып, https://maxup.kz/ сайтында өтінім толтыру қажет. Өтінімдер 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін қабылданады. Айта кетейік, таңдалған 16 үздік командаға ұйымдастырушылар барлық шығындарды өтейді.

International Legathon MaxUP 2026 қалай өткені туралы осы сілтеме арқылы көруге болады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз