MNU-ДЕ САРАПШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСЫУМЕН ПІКІРСАЙЫС ӨТТІ - MNU

MNU-ДЕ САРАПШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСЫУМЕН ПІКІРСАЙЫС ӨТТІ

Post Image
21.10.2024

2024 жылдың 17 қазанында Maqsut Narikbayev University-де Францияның ірі академиялық және ғылыми-зерттеу институттарының жетекші сарапшыларының қатысуымен пікірсайыс өтті.

Іс-шараның басты назарында халықаралық қатынастар мен геосаясаттың негізгі мәселелері болды. Негізгі баяндамашы ретінде Францияның бұрынғы елшісі және Institut Montaigne-де геосаясат және дипломатия мәселелері жөніндегі арнайы кеңесші Мишель Дюкло сөз сөйледі. Сонымен қатар Франция елшілігінен доктор Ксавье Ле Торривеллек баяндама жасап, халықаралық істердегі сыни ойлау қабілетінің маңыздылығы туралы өз пікірімен бөлісті.

Дебат ағылшын тілінде өтті. Сарапшылар өз баяндамаларын таныстырып, кейін қызу сұрақ-жауап сессиясымен жалғасты. Тыңдаушылар қатарында Maqsut Narikbayev University-дегі Center for Global and Regional Governance зерттеу орталығының студенттері, зерттеушілері мен оқытушылары болды.

Өз сөзінде Мишель Дюкло әлемдік аренада орта деңгейдегі елдердің өсу маңыздылығын атап өтті. Ол бұл елдер ұлы державалар болмаса да, халықаралық қатынастарға айтарлықтай әсер ететінін айтты. Мысал ретінде Дюкло Қазақстанды келтірді. Елдің экономикалық күші, аумақтық ауқымы мен табиғи ресурстары – оны жаһандық ықпалы бар өңірлік державаға айналдыратынын атап өтті. Сондай-ақ ол орта деңгейдегі елдердің, әсіресе Шығыс пен Батыс арасындағы ынтымақтастығының маңыздылығы туралы айтып, Қазақстанды осы аймақтар арасындағы ықтимал көпір ретінде ұсынды.

Студенттер Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы ұстанымы және оның тәсілдері жаһандық басқару саласындағы Франция елінен қалай ерекшеленетіні туралы сұрақтар қойды. Пікірсайыс халықаралық дипломатияда орта деңгейдегі елдердің қандай рөл атқаратыны туралы қызықты талқылаумен аяқталды, әсіресе Қазақстанның стратегиялық мүмкіндіктерін ерекше атап өтті.

Бұл іс-шара Maqsut Narikbayev University-дегі Center for Global and Regional Governance орталығының жаһандық басқарудың даму мәселелері бойынша халықаралық сарапшылар мен академиялық қауымдастық арасындағы диалогты қолдайтын сәтті бастамасы болды.

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды адрес

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде бухгалтерлік білім бар ма

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз