Maqsut Narikbayev University мен Қашқар университеті (Қытай) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Тараптар білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы әріптестікті дамытатын болады.
Меморандумға MNU Провосты Анар Ибраева мен Қашқар университетінің Ректоры Паридан Туэрсюн қол қойды. Құжат бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар үшін қос диплом және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын әзірлеуді қамтиды. Бұдан басқа бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру және ғылыми-оқу әдебиеттерімен алмасу көзделген.
Қашқар университеті гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдар, педагогика, экономика, өнер және медицина салаларында білім беру бағдарламаларын ұсынады. Ол 1962 жылы Қашқар қаласында құрылған. Бүгінде жоғары оқу орнында 40 мыңнан астам студент білім алып, екі мыңнан астам оқытушы жұмыс істейді.
Айта кетейік, бұған дейін MNU Қытай саяси ғылымдар және құқық университетімен, сондай-ақ Бейжің тіл және мәдениет университетімен келісімдер жасасқан болатын.




