Maqsut Narikbayev University-де Иберо-американдық университет қорының (FUNIBER) делегациясы болды. Тараптар академиялық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.
Университет басшылығымен кездесу барысында FUNIBER Президенті Сантос Грасия Вильяр қордың жоғары білім, ғылым және мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметі туралы айтып берді. Тараптар екі серіктес университетте студенттердің білім алуын көздейтін 2+2 моделі бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды. Мұндай формат академиялық ұтқырлық, тәжірибе алмасу және халықаралық білім алу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Айта кетейік, FUNIBER 1997 жылы Барселонада (Испания) құрылған. Ұйым бірқатар елдердегі университеттер мен білім беру орталықтарының желісін біріктіріп, көбінесе қашықтықтан оқыту бағдарламалары мен стипендияларды ұсынады.



