19 қазанда Maqsut Narikbayev University-де Қазақстандағы БҰҰ Үйлестіруші кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырылған интеллектуалды, симуляциялық «БҰҰ Моделі» ойыны өтті. Іс-шара жыл сайын 24 қазанда атап өтілетін Халықаралық БҰҰ күніне арналды.
Бұл ауқымды іс-шараға MNU, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және «Тұран» университетінің талантты студенттері жиналды. Қатысушылар халықаралық маңызды мәселелерді шешіп, қызу пікірталастар мен дебаттарда өздерінің терең білімдерін, дипломатия және аналитикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.
Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестіруші кеңсесінің басшысы Куртмулла Абдулганиев студенттердің дайындықтарының ерекше жоғары деңгейін және олардың БҰҰ-ның ресми тілін жақсы меңгергенін ерекше атап өтті. Сондай ақ, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына ерекше назар аударды.
Бұл іс-шара қатысушыларға шынайы дипломатия әлеміне үңілуге және халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі болуға мүмкіндік берді. БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің жан-жақты қолдауының арқасында іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Өз кезегінде университеттің білім беру экожүйесінің маңызды бөлігі Endowment MNU – таланттарды ашу, қолдау және дамыту қордың басты мақсаттарының бірі екенін тағы да атап өтті.
Жобаны іске асыруда серіктестеріміздің Abdi және Романов өнімі ретінде қолдауы үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.
Қорытындылай келе, студенттердің жұмысын, сөз сөйлеуін бағалауға және терең практикалық кеңестер беруге уақыт бөлген құрметті MNU түлектерінің қосқан үлесін атап өткіміз келеді. Жеңімпаздарды ҚР СІМ Сыртқы саяси зерттеулер институты Басқарма төрағасының орынбасары Қабазиев Манарбек, ҚР СІМ бірінші хатшысы Бақберген Қойшыбаев, Қазақстандағы есірткіге және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі БҰҰ басқару бағдарламасының үйлестірушісі Сәуле Исабекова сынды халықаралық қатынастар саласында үлкен сараптамасы мен тәжірибесі бар түлектер марапаттады.
MNU-дегі БҰҰ Моделі тек интеллектуалды ойын ғана емес, Қазақстанның болашақ көшбасшыларын дамыту және өзара әрекеттесу алаңына айналды. Бұл жастар қазірдің өзінде жаһандық мәселелерді шешуге және халықаралық процестерге белсенді қатысуға дайын екендіктерін дәлелдеуде.