5 желтоқсанда MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY қабырғасында Еуропалық делегация мен Халықаралық журналистика мектебі бірлесіп ұйымдастырған “Журналистиканың дамуы: жасанды интеллект пен ақпаратты манипуляцияның тоғысында” тақырыбындағы екінші жыл сайынғы Медиа Форум өтті.
Форумды Maqsut Narikbayev University Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев ашып, болашақ сын-қатерлерге жауап бере алатын кәсіби мамандарды даярлау – университеттің басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. 2023 жылы ҚР Президентінің Телерадиокешенінің қолдауымен медиа саласындағы жаңа буын мамандарын тәрбиелеуге арналған Халықаралық журналистика мектебі ашылды. Оның айтуынша, форум тақырыптары журналистік этиканың маңыздылығын айқындап, ашық әрі әділ қоғам құрудағы рөлін көрсетеді.
«Бүгінгі форумның тақырыптары журналистика этикасының ашық әрі әділ қоғам қалыптастырудағы маңызды рөлін көрсетеді. Кәсіби стандарттарды дамыту мен жалған ақпаратпен күресу – қоғам сенімін нығайтып, демократиялық құндылықтарды қорғаудың басты қадамдары деп есептейміз», – деді ол.
Панельдік сессиялар
Алғашқы панельдік сессияда спикерлер Мартина Бильдзюкевич, Линас Скириус, Қарлығаш Жаманқұлова и Әсел Қожақова жасанды интеллектінің (ЖИ) жалған ақпаратты таратудағы рөліне тоқтала отырып, журналистикада жасанды интеллектіні қолданудың қайшылықтары жайлы сөз қозғады. Жасанды интеллект жалған ақпаратпен күресуге арналған тиімді құралдар ұсынса да, оны пайдалану барысында этикалық және операциялық қиындықтар туындайды. Спикерлер манипуляцияларға және жалған ақпаратқа қарсы тұра алатын тұрақты қоғамдар қалыптастыру үшін салалар арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен бірге, сенімді ақпараттық экожүйелердің негізін журналистер мен фактчекерлер құрайтынын, ал жаңа технологияларды енгізу үдерісі міндетті түрде жоғары этикалық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылуы қажет екенін атап өтті.
Екінші панельдік сессияда сарапшылар жасанды интеллектінің журналистика саласына тигізетін ықпалын жан-жақты талқылады. Пікірталасқа Томас Регнье, Сильвия Чубковска, Гүлмира Бримжанова и Думан Смақов қатысып, журналистік қызметте жасанды интеллектіні қолданудың мүмкіндіктері мен тәуекелдері туралы ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, спикерлер медиа саласының жаңа технологиялық өзгерістерге қалай бейімделуі керектігі жөнінде пікір алмасты.
Форум шеңберінде Еуропалық делегация мен MNU ұйымдастырған бірлескен көрме өтті. Жоба жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттерден тұрып, әртүрлі қатысушылардың, соның ішінде цифрлық контент авторы Бақдәулет Бекжановтың, MNU студенттерінің және Еуроодақ елдері елшіліктерінің бірлескен еңбегінің нәтижесі болды.
Іс-шара аясында екі тренинг өткізілді, оның бірі қазіргі заманғы ақпараттық манипуляциялармен күресуге арналды. Тренингті “Азаматтық тұрақтылық бастамасының” (CR) тең құрылтайшысы әрі медиа саласындағы тәжірибелі тренер Линас Сириус жүргізді. Сабақ барысында заманауи зерттеушілердің рөлі, сондай-ақ жасанды интеллект құралдары мен ашық дереккөздердің жалған ақпаратпен күресу тәсілдерін қалай өзгертіп жатқаны талқыланды. Қатысушылар жаңалықтарды, бейнелерді және суреттерді верификациялауға көмектесетін ең озық ЖИ шешімдерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Екінші тренингті Шығыс Еуропа Free Press инновациялар бөлімінің жетекшісі, журналист, редактор, SMM маманы және редакциялық жұмыста жасанды интеллектіні қолдану бойынша сарапшы Виталий Рухаин өткізді. Қатысушылар жасанды интеллектінің журналистердің жұмысын тиімдірек, ал контентін әсерлі әрі тартымды етудегі жолдарын қарастырды. Спикер сондай-ақ ЖИ-мен ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін, оның ішінде бұл технологиялардың медиа саласына әкелетін мүмкіндіктері мен шектеулерін атап өтті.
Форумның жабылуында Қазақстандағы Еуропалық Одақтың Елшісі Алешка Симкич сөз сөйледі. Ол қазіргі уақытта ЕО-ның басты басымдықтарының бірі жалған ақпараттың таралуымен күресу екенін атап өтті. Адамзат даму жолынан таймай, дезинформацияға байланысты қиындықтарға қарамастан, технологияларды одан әрі ілгерілетуі қажет екенін айтты. Аталмышіс-шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін елші Талғат Мақсұтұлына және Халықаралық журналистика мектебіне алғысын білдіріп, дипломдар мен сыйлықтар табыстады.
Халықаралық журналистика мектебі – 2023 жылы еліміздің жетекші медиахолдингі ҚР Президентінің Телерадиокешенімен бірлестікте ашылған университетіміздің жаңа, қарқынды дамып келе жатқан мектебі. Бүгінгі таңда болашақ мектеп журналистерді екі білім беру бағдарламасы бойынша дайындайды: Халықаралық журналистика және Журналистика: аналитика және зерттеу. Мектептің негізгі ерекшелігі – студенттерге 1-курстан бастап кәсіби жабдықтар мен жазба студияларын пайдалануға мүмкіндік беретін тәжірибеге бағытталған оқыту әдісі.