2025 жылдың 30 қаңтарында Бизнес-кеңестің 8-ші отырысы өтті. Бизнес кеңес – мектептің тұрақты консультативтік органы, оның құрамына мектептің дамуына және одан әрі ілгерілеуіне ықпал ететін беделді және бәсекеге қабілетті жұмыс берушілер кіреді.
Биылғы отырыс “Бизнес-кеңестің 8-ші отырысы: Халықаралық қатынастар бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері – білім беру майнорларының рөлі” деген атпен өтті. Биылғы отырыс қазіргі және болашақ түлектердің мансаптық мүмкіндіктеріне арналды. Талқылауға Қазақстан Республикасы министрліктерінің, BIG 4 компанияларының, зерттеу институттары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Халықаралық экономика мектебі мен университет өкілдері негізгі жетістіктерді ұсынып, қазіргі таңдағы сын-қатерлерді талқылады. Отырыс барысында қосымша майнор бағдарламасын енгізу, тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін кеңейту және магистратураға түсуге дайындықты күшейту сияқты бірнеше ұсыныстар айтылды.
Халықаралық экономика мектебі барлық қатысушыларға құнды идеялары мен белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді. Мектеп жұмыс берушілер мен олардың мазмұнды ұсыныстарын жоғары бағалайды және барлық ұсыныстарды ескеруге тырысады. Біз түлектеріміздің болашағын бірлесе қалыптастыру жолындағы алдағы өзара тиімді ынтымақтастыққа зор үміт артамыз.
