MNU Logo
MNU-да жасанды интеллектті білім беру процесіне интеграциялау мәселесі тағы да талқыланды - MNU

02.06.2025

MNU-да жасанды интеллектті білім беру процесіне интеграциялау мәселесі тағы да талқыланды

Maqsut Narikbayev University-де (MNU) Жоғары гуманитарлық мектебінің (ЖГМ) Бизнес-кеңесінің VI отырысы өтті. Талқылаудың басты тақырыбы білім беру процесіне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын интеграциялау болды.

ЖГМ профессорлық-оқытушылық құрамы, әлеуетті жұмыс берушілер мен мектеп серіктестері «Қолданбалы лингвистика», «Аударма ісі», «Туризм», «Қонақжайлылық» және «Психология» білім беру бағдарламаларын жетілдіру жөнінде пікір алмасты. Отырысқа қатысушыларға мектептің даму стратегиясы және кеңес мүшелерінің ұсыныстарын іске асыру бойынша есеп берілді. Бұдан басқа, «Hilton Astana» қонақ үйімен дуальді оқыту туралы келісімшартқа қол қойылды.

«Біздің әріптестеріміздің, түлектеріміздің жұмыс берушілерінің сараптамалық пікірі мен ұсыныстары бізге білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының сұраныстарына уақытылы бейімдеуге мүмкіндік береді. Шын мәнінде, Maqsut Narikbayev University алдағы жылдары қандай мамандарды шығаратыны осыған байланысты», – деді MNU провосты Сергей Пен.

Бизнес-кеңес мүшелері білім беру бағдарламаларына ЖИ-курстарды енгізу және академиялық процесте жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелерін талқылады. Олар ЖИ-ді психодиагностикалық деректерді өңдеуде, зерттеу нәтижелерін талдау мен ұсынуда, сұхбат пен интервенция дағдыларын жаттықтыруда құрал ретінде пайдалануды ұсынды. Талқылау ЖИ-ді академиялық ортаға тереңірек және мағыналы қосу және болашақтың сын-тегеуріндеріне дайын мамандарды қалыптастырудың қадамы болды.

«Біз кеңінен қолданылатын жасанды интеллект интеграциясының қажеттілігімен бетпе-бет келеміз. Туризм, қызмет көрсету, лингвистика және психология салаларындағы мамандардың негізгі құзыреттерін дамытуда ЖИ қаншалықты маңызды болуы мүмкін? Осы ретте біздің серіктестеріміздің көзқарасы аса маңызды», – деді MNU Жоғары гуманитарлық мектебінің деканы Анар Ибраева.

Отырыс қорытындысы бойынша кейбір пәндерге ЖИ енгізу туралы шешім қабылданды, ал кеңес мүшелерінің мазмұндық ұсыныстары Жоғары гуманитарлық мектеп әкімшілігінің назарына алынды. Айта кетейік, ЖИ-ді білім беру процесіне интеграциялау бұған дейін Халықаралық экономика мектебі мен Құқық жоғары мектебінің Бизнес-кеңестерінің отырыстарында да талқыланған болатын.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз