«Principles of Management» пәнінің кезекті курсының қорытындысы бойынша Maqsut Narikbayev University студенттерінің үздік бизнес жобасы анықталды. Жеңімпаздар ақшалай сертификатпен марапатталды.
Бірінші орынды Халықаралық экономика мектебінің студенттері Сымбат Әнуарбек, Құнайым Балсейітова, Ақнұр Сейітова және Айлана Сүлейманова иеленді. Олардың бизнес жобасы курс оқытушысы, MNU Senior Lecturer-ы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаровтан 10 мың доллар алды. Айта кетейік, ақшалай сыйлықпен мұндай формат төртінші рет өткізіліп отыр.
«Principles of Management» пәні студенттердің бизнес саласындағы практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Семестр соңында бизнес жобалардың тұсаукесері қатысушыларға өз білімдері мен кәсіби міндеттерді шешуге дайындықтарын көрсетуге және өз идеяларын іске асыруға қаражат алуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының университеттердің білім беру бағдарламалары рейтингі бойынша MNU «Менеджмент» мамандығы бойынша еліміздегі үздік мамандарды дайындайды.
