
Maqsut Narikbayev University-де оқуға мемлекеттік білім беру грантын 400-ден астам талапкер иеленді. Олардың есімдерін күні кеше ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жариялады.
Биыл грант алу конкурсы өтінімдер саны бойынша рекордтық көрсеткішке жетті – 113 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Барлығы 77 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді. MNU грант иегерлерінің арасында ең көп сұранысқа ие мамандық «Аударма ісі» болды, ал конкурсқа қатысу мүмкіндігі ҰБТ-да кемінде 120 балл жинаған талапкерлерге берілді.
Осыған қоса талапкерлер университеттің ішкі гранттар конкурсына қатыса алады. Университет Maqsut Narikbayev Scholarships республикалық олимпиадасын, сондай-ақ шетелдік талапкерлерге, NIS және BIL мектептерінің түлектеріне арналған олимпиадаларды өткізеді. MNU Қабылдау комиссиясы өз қызметін 25 тамызға дейін (қоса алғанға) жүзеге асырады.
Maqsut Narikbayev University мемлекеттік білім беру гранты иегерлерін құттықтайды және оқуда табыс тілейді!