Астана | кеңсе жұмысы
Maqsut Narikbayev University жанындағы MIND ғылыми-талдау орталығы ғылым, бизнес және қоғам арасында көпірлер салады. Біз бизнеспен, Квазимемлекеттік сектормен және халықаралық ұйымдармен стратегиялық әріптестік құруға қабілетті тәжірибелі маман іздейміз.
Міндеттер:
• Университеттің ғылыми және инновациялық бастамаларын ілгерілету мақсатында ірі бизнес пен халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл стратегияларын әзірлеу және жүзеге асыру.
• Ортақ зерттеулер жүргізу мен қаржыландыру тартуды қоса алғанда, күрделі серіктестік келісімдерін бастау, келіссөздер жүргізу және сүйемелдеу.
• Қызығушылық танытқан тараптардың кең ауқымымен тұрақты байланыс орнатып, оны қолдау.
• Серіктестермен өзара қарым-қатынас орнату, жобаларды іске асыру барысы және сыртқы саясаттық қызмет нәтижелері бойынша жүйелі есептілікті қамтамасыз ету.
Қойылатын талаптар:
– Халықаралық қатынастар, құқық, PR, экономика немесе осыған жақын салалар бойынша магистр немесе PhD
– Сыртқы байланыстар, GR, бизнес пен серіктестікті дамыту саласында 7–10 жыл тәжірибесі бар
– Стратегиялық ықпал ету, келіссөздер жүргізу және қаржыландыру тарту дағдылары бар
– Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген
Біз не ұсынамыз:
– Бәсекеге қабілетті жалақы
– Ғылым, білім және мемлекеттік басқару тоғысындағы жобаларға қатысу
– Халықаралық серіктестік және кәсіби өсу
– Пәнаралық мықты командада жұмыс істеу
– Компания есебінен корпоративтік іс-шаралар, жаттығу залы, жайлы жұмыс орны.
Өтінімді қалай беруге болады?
Резюме, мотивациялық хат және портфолио/жұмыс үлгілерін 2025 жылдың 30 тамызына дейін мына почтаға жіберіңіз: ainur_kaztay@kazguu.kz
Хаттың тақырыбы: Бизнес және азаматтық қоғаммен байланыс жөніндегі сарапшы (GR) – [Т.А.Ә.]
Зерттеу, серіктестік және деректер арқылы елді алға жетелейтін командаға қосылыңыз.