Міндеттері:
- Халықаралық журналистика мектебінің мансап және жұмыспен қамту орталығы бойынша стратегия әзірлеу және іске асыру;
- Мектептің серіктестік желісін қалыптастыру, дамыту және кеңейту;
- Жұмыс берушілермен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен, халықаралық ұйымдармен, мемлекеттік сектор, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес және креативті индустрия өкілдерімен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату және дамыту;
- Студенттер мен түлектерге арналған өндірістік практика, тағылымдама, алмасу бағдарламалары және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін іздеу;
- Мансаптық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу: бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, форумдар, нетворкинг-сессиялар, жұмыс берушілермен кездесулер, шеберлік сабақтары және қонақ дәрістері;
- Түлектермен өзара байланысты дамыту және Alumni қауымдастығын мектептің білім беру және мансаптық бастамаларына тарту;
- Мансап және жұмыспен қамту орталығының қызметін үйлестіру;
- Түлектердің мансаптық траекторияларын бақылау, еңбек нарығын талдау және талдамалық есептілік дайындау;
- Түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Халықаралық журналистика мектебінің брендін нығайтуға бағытталған жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
- Салалық іс-шараларда, келіссөздерде және әлеуетті серіктестермен кездесулерде мектептің мүдделерін білдіру;
- Түлектерді жұмысқа орналастыру және мансаптық дамыту саласындағы негізгі тиімділік көрсеткіштерімен (KPI) жұмыс істеу.
Біліктілік талаптары:
- Жоғары білімнің болуы; магистр дәрежесінің болуы артықшылық болып саналады;
- Кемінде 5 жыл кәсіби жұмыс тәжірибесі;
- Жобаларды басқару және серіктестік қатынастарды дамыту тәжірибесі;
- Жұмыс берушілермен, бизнес, медиаиндустрия немесе халықаралық ұйымдар өкілдерімен өзара әрекеттесу тәжірибесі;
- Жоғары білім беру саласындағы жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық болып саналады;
- Келіссөздер жүргізу және іскерлік коммуникация дағдыларының жоғары деңгейі;
- Стратегиялық ойлау және еңбек нарығындағы заманауи үрдістерді түсіну;
- Нетворкинг дағдыларының жоғары деңгейі және ұзақ мерзімді серіктестік қатынастар орната білу;
- Ірі іс-шараларды ұйымдастыру және бірлескен жобаларды іске асыру тәжірибесі;
- Презентациялар дайындау, көпшілік алдында сөз сөйлеу және ұйымның мүдделерін білдіру дағдылары;
- Аналитикалық қабілеттер және KPI көрсеткіштерімен әрі есептілікпен жұмыс істеу тәжірибесі;
- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу МІНДЕТТІ!;
- Microsoft Office, Google Workspace, Zoom/Teams, CRM жүйелері және LinkedIn платформасын сенімді меңгеру;
- Медиа және бұқаралық ақпарат құралдары саласында жұмыс тәжірибесінің болуы МІНДЕТТІ!.
Еңбек шарттары:
- Халықаралық журналистика мектебінде жұмыс істеу мүмкіндігі;
- Серіктестік желіні дамытуға және маңызды жобаларды іске асыруға қатысу;
- Студенттердің мансаптық мүмкіндіктеріне және түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштеріне ықпал ету мүмкіндігі;
- Серіктестік байланыстарды дамыту мақсатында іссапарларға шығу мүмкіндігі;
- Қызметкерлерге арналған тегін жаттығу залы және кофе.