MNU Logo
15.06.2026

Cinematography and Editing бағыты бойынша оқытушы

MNU Халықаралық журналистика мектебі операторлық шеберлік, бейнеөндіріс және монтаж салалары бойынша пәндерді оқыту үшін Cinematography and Editing бағыты бойынша практик-оқытушыны жұмысқа шақырады.

Үміткер медиаиндустрияда практикалық жұмыс тәжірибесіне ие болып, оқытушылық қызметті студенттерді тәжірибеге бағытталған оқытумен ұштастыруға дайын болуы тиіс.

Міндеттері:

  • Операторлық шеберлік, монтаж, кадр композициясы, анимация және бейнеөндіріс пәндерін оқыту;
  • Түсірілім процесін ұйымдастыру және сүйемелдеу;
  • Компьютерлік сыныптар мен студияларда практикалық сабақтар өткізу;
  • Камералармен, жарықтандыру жабдықтарымен, тұрақтандырғыштармен және басқа да техникалық құралдармен жұмыс істеу;
  • Оқу материалдарын, тапсырмаларды және бағалау критерийлерін әзірлеу;
  • Canvas жүйесінде курсты жүргізу (материалдарды жүктеу, тапсырмаларды тексеру және студенттерге кері байланыс беру);
  • Практикалық контент дайындау (подкасттар, бейнесюжеттер және т.б.);
  • Мектептің іс-шаралары мен жобаларына қатысу;
  • Ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысу.

Үміткерге қойылатын талаптар:

1. Білімі

  • Журналистика, медиа, кино-, теле- немесе бейнеөндіріс саласы бойынша жоғары кәсіби білім;
  • Магистр немесе PhD дәрежесінің болуы артықшылық болып табылады.

2. Жұмыс тәжірибесі

  • Медиаиндустрияда, телевидениеде, digital немесе киноөндіріс саласында практикалық жұмыс тәжірибесі;
  • Жаңалықтар студияларында, продакшн компанияларында немесе режиссерлік қызметте жұмыс тәжірибесі;
  • Оқытушылық тәжірибенің болуы құпталады.

3. Кәсіби дағдылар

  • Композиция негіздерін, түсіру және монтаж әдістерін білу;
  • Түсірілім процесін ұйымдастыра білу;
  • Кәсіби жабдықтармен және техникалық базамен жұмыс істеу дағдылары;
  • Келесі бағдарламаларды еркін меңгеруі:
    • Adobe Premiere Pro;
    • DaVinci Resolve;
    • Adobe After Effects;
    • Бейнемонтаж және түсті түзетуге арналған басқа бағдарламалар.

4. Тілдік талаптар

  • Орыс және/немесе қазақ тілдерін меңгеруі;
  • Ағылшын тілін білу артықшылық болып табылады.

5. Жеке құзыреттер

  • Студентке бағдарланған көзқарас;
  • Коммуникабельділік және командада жұмыс істей білу;
  • Академиялық адалдық қағидаттарын сақтау;
  • Сындарлы кері байланыс бере білу.

Жұмыс шарттары:

  • Сабақ кестесіне сәйкес икемді жұмыс кестесі;
  • Толық немесе толық емес жұмыс күнімен еңбек ету мүмкіндігі;
  • Университеттің тарифтік кестесіне сәйкес еңбекақы.

Өтініш беру үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • Түйіндеме (CV);
  • Портфолио немесе жұмыс үлгілері (болған жағдайда);
  • Дипломдар мен сертификаттардың көшірмелері.
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз