200-ден астам маман Maqsut Narikbayev University-де магистратура мен докторантурада оқуға мемлекеттік білім беру грантын иеленді. Ең көп сұранысқа ие бағдарлама «Құқықтану» болды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлағандай, білім беру гранттарын тағайындау конкурсына республика бойынша 20 мыңнан астам адам қатысты. MNU-да оқуға гранттар магистратураның алты білім беру бағдарламасы («Құқықтану», «Қаржы», «Экономика», «Аударма ісі», «Қолданбалы лингвистика», «Консультативті психология») және докторантураның екі бағдарламасы («Құқық», «Экономика») бойынша бөлінді. Университет жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 16 бағдарламасын іске асырады.
Магистратураға грант иегерлерінің есімдері ҚР ҒЖБМ сайтында, ал докторантураға грант иегерлерінің тізімін біздің сайтта көруге болады. Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларға құжаттар қабылдау 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жалғасады. Айта кетейік, бұған дейін 400-ден астам талапкер университеттің бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік грантын жеңіп алған болатын.
Maqsut Narikbayev University мемлекеттік білім беру грант иегерлерін құттықтайды және оқуда табыс тілейді!