Maqsut Narikbayev University-ге Финляндияның Қазақстан мен Қырғызстандағы Елшісі Янне Хейсканен тағы бір мәрте келді. Бұл жолы ол болашақ дипломаттарға дәріс оқыды.
Янне Хейсканен Финляндияның сыртқы саясаты, өткен ғасырдағы трансформациясы және республиканың түрлі халықаралық ұйымдардағы белсенді рөлі мен көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатын іске асыру туралы айтып берді. Елші сондай-ақ «Халықаралық қатынастар» мамандығы студенттерінің сұрақтарына жауап берді. Дәріс «Қолданбалы дипломатия» арнайы курсы аясында өтті.
«Бұл менің MNU-дағы алғашқы дәрісім, барлығы тамаша өтті. Мен осыған дейін де университетте болғанмын, сол кездегі атмосфера ұнаған. Университет өте жоғары деңгейлі, ал студенттер зейін қойып, қызық сұрақтар қойды. Менің ойымша, біз өте жақсы пікірталас өткіздік. Егер университет шақырса, мен студенттермен қайта кездесуге қуаныштымын», – деді Янне Хейсканен.
Айта кетейік, Финляндия Қазақстанның Солтүстік Еуропа мен Еуропалық одақтағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылады. Өткен аптада Нью-Йоркте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Президенті Александр Стуббпен келіссөз жүргізді.


