📍 Астана | кеңсе жұмысы
Maqsut Narikbayev University жанындағы MIND талдау орталығы қаржыландыру көздерін тарту және зерттеу мен консалтингтік жобаларды қолдау үшін тәжірибелі және бастамашыл грант менеджерін іздейді.
Негізгі міндеттер:
— Ұлттық және халықаралық гранттарды іздеу
— Жобалық өтінімдер мен бюджеттерді дайындау: концептуалды идеядан толық жобалық ұсынысқа дейін
— Донорлар және зерттеу топтарымен коммуникация орнату
— Іс жүзіндегі гранттарды басқару және есептілікті қалыптастыру
— Қызметкерлерге грант менеджменті бойынша оқыту жүргізу
Біз іздейтін кандидат:
✔ Экономика, құқық, жоба менеджменті немесе басқа да салалар бойынша магистр дәрежесі
✔ Гранттарды дайындау және басқару бойынша 5–7 жыл жұмыс тәжірибесі
✔ Қаржыландыру тартудың сәтті кейстері
✔ Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу
✔ Гранттық механизмдерді, нормативтік орта мен бюджеттеу жүйесін білу
✔ PMP, CMPE, CRA және басқа сертификаттардың болуы артықшылық болып саналады
Біз не ұсынамыз:
🔹 Бәсекеге қабілетті еңбекақы
🔹 Аналитика, коммуникация және саясат тоғысындағы жұмыс
🔹 Халықаралық серіктестіктер және мықты пәнаралық команда
🔹 Ел дамуына ықпал ететін жобаларға қатысу
🔹 Компания есебінен корпоративтік іс-шаралар, спорт залы және жайлы жұмыс орны
📩 Қалай өтініш беру керек:
CV, мотивациялық хат және іске асырылған жобалардың мысалдарын ainur_kaztay@kazguu.kz поштасына жіберіңіз.
📌 Хаттың тақырыбы: Грант менеджері – [Сіздің аты-жөніңіз]
Ғылымды нақты мүмкіндіктер арқылы дамытып жатқан командаға қосылыңыз!