Екінші семестр барысында ISE MNU қабырғасында қонақ студенті ретінде Францияның Сорбонна университетінен келген Майя Нил білім алуда.
Майя Қазақстандағы спорттық дипломатия стратегиясын, соның ішінде теннис тәжірибесін зерттеуге арналған ғылыми жұмысын орындауда және бұл зерттеу жұмысына ISE MNU-дің қауымдастырылған профессоры Икболжон Қорабоев жетекшілік етуде. Сонымен қатар, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті және аға оқытушы Юрий Польский Қазақстандағы теннис бойынша құнды тәжірибесімен бөлісті.
Қонақ студент ретінде Майяның сабақтарға қатысуға міндетті емес, бірақ ол Қоғамдық кітапханада уақыт өткізгенді және студенттер жаттығу залына барғанды ұнатады.
Біз Майяны қарсы алғанымызға қуаныштымыз және болашақта халықаралық студенттерді қабылдауды асыға күтеміз.
