MNU Logo
MNU-да «Құқық» жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылды - MNU

20.07.2026

MNU-да «Құқық» жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылды

Maqsut Narikbayev University «Құқық» жаңа білім беру бағдарламасын іске қосты. Талапкерлердің құжаттарын қабылдау осы жылдың 25 тамызына дейін (қоса алғанда) жалғасады.

Бакалавриат бағдарламасы MNU Құқық жоғары мектебінің базасында жүзеге асырылады. Ол іргелі заң білімін, практикалық дайындықты және заманауи цифрлық құралдарды біріктіреді. Оқу бағдарламасы студенттердің құқықтың іргелі негіздерінен практикалық кейстерді шешуге біртіндеп көшуіне қарай құрылған. Бірінші курста студенттер құқық теориясын, конституциялық, азаматтық және қылмыстық құқықты, заң логикасы мен құқық философиясын зерделей отырып, берік база қалыптастырады. Одан әрі практикалық дағдыларды дамытуға, нақты заң кейстерімен жұмыс істеуге, процестік даярлыққа және мамандандырылған пәндерге назар аударылады. Сондай-ақ практикаға бағдарланған оқытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Бағдарлама Moot Court құрауышын қамтиды. Оның шеңберінде студенттер азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және халықаралық істер бойынша сот процестерін моделдейді және құқықтық дәлелдеу, көпшілік алдында сөйлеу мен процессуалдық құжаттарды дайындау дағдыларын дамытады. Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі – цифрлық құзыретке назар аудару. Студенттер цифрлық құқықты меңгеріп, ЖИ құралдарымен жұмыс істейді және LegalTech шешімдерді мен заманауи құқықтық деректер базасын меңгереді.

Екінші курста студенттер «Құқықтану» немесе «Халықаралық құқық» білім беру шоғырлануының бірін таңдай алады. Таңдаған бағытына қарамастан олар іргелі заңгерлік даярлықтан өтеді, содан кейін өз мамандығы бойынша білімдерін тереңдетеді. Білім беру бағдарламасы сондай-ақ құқықтағы IT технологиялар, ағылшын және неміс құқығы, бизнес және құқық, сондай-ақ құқық қорғау қызметі саласындағы қосымша мамандануды (minor) меңгеруді көздейді.

Бағдарламада тілдік даярлыққа ерекше көңіл бөлінеді. Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Академиялық ағылшын тілінен басқа, студенттер TOLES халықаралық жүйесі бойынша заңгерлік ағылшын тілін үйренеді, бұл халықаралық компанияларда, заң фирмаларында және шетелдік ұйымдарда жұмыс істеуге қосымша мүмкіндіктер ашады.

Айта кетейік, «Атамекен» ҚР ҰКП білім беру бағдарламаларының рейтингіне сәйкес MNU елімізде құқықтану және халықаралық құқық саласында үздік кадрлар даярлайды. «Құқық» білім беру бағдарламасының түлектері сот жүйесі, прокуратура, құқық қорғау органдары, мемлекеттік мекемелер, адвокатура, нотариат, корпоративтік заң департаменттері, консалтингтік компаниялар мен халықаралық ұйымдарда мансап құра алады. Сонымен қатар университет бағдарламалары QAA, FIBAA, ACCA, CIMA, ICAEW, GARP, CFA Institute, HRCI, CIM және IQAA сияқты жетекші халықаралық агенттіктерімен аккредиттелген.

MNU-ға оқуға түсу шарттары туралы толық ақпаратты осы сілтеме бойынша алуға болады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз