Maqsut Narikbayev University-де «Лингвистика (TESOL) және аудармадағы технологиялар» жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылды. Оқуға түсу үшін құжаттар осы жылдың 25 тамызына дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Бакалавриат бағдарламасы MNU Жоғары гуманитарлық мектебінің базасында жүзеге асырылады. Студенттер мәтін корпусымен жұмыс істеу дағдыларына ие болады, табиғи тілді өңдеу құралдарын қолдануды үйренеді және жасанды интеллект білім беру мен аударуға қалай көмектесетінін түсінеді. Олар терең тілдік білім мен ЖИ-мен тиімді жұмыс істей білуді біріктіре алады, сондай-ақ аударма автоматтандырылған кездегі жаңа шынайылыққа дайын болады.
Жаңа бағдарлама жұмыс берушілерден қолдау тапты, олар нарыққа лингвистикалық сараптама, педагогикалық дағдылар мен технологиялық сауаттылықты ұштастыра алатын мамандар қажет екенін атап өтті. Оқу жоспары кезең-кезеңмен құрылған: тілдің іргелі теориясынан заманауи цифрлық құралдарға дейін. Студенттер лингвистер мен корпустық лингвистикаға арналған бағдарламалау негіздерінен бастап, NLP жүйесі мен машиналық аудармаға терең көңіл бөліп, жоғары курстарда нақты тілдік деректермен жұмыс істеп, постредакциялауды меңгеріп, цифрлық өнімдерді әзірлеуді үйренеді.
Сабақтас құзыреттерді қалыптастыру үшін студенттерге оқу траекториясын едәуір кеңейтуге мүмкіндік беретін қосымша мамандануды (minor) меңгеру қолжетімді. Мысалы, цифрлық лингвистика бойынша minor тілдік деректер талдаушыларын және чат-бот әзірлеушілерін дайындайды, ал аударма технологиясындағы мамандану IT құзыреттерге бағытталады. Медиакоммуникация бағыты маркетингтік және digital агенттіктер үшін цифрлық контент дайындауға үйретеді, халықаралық қатынастар бойынша minor дипломатиялық ортада жұмыс істеуге дайындайды, ал екінші шет тілі курсы туризм және жаһандық коммуникациялар саласындағы мүмкіндіктерге жол ашады.
Аталған бағдарлама бойынша оқыту пәнаралық сипатқа ие, оның арқасында түлектер түрлі салаларда табысты жұмыс істей алады. Олар білім беру, аударма, медиа салаларында, ірі онлайн-платформалар, халықаралық ұйымдар, елшіліктер мен мемлекеттік құрылымдарда, сондай-ақ технологиялық секторда сұранысқа ие болады. Айта кетейік, «Атамекен» ҚР ҰКП білім беру бағдарламаларының рейтингіне сәйкес MNU елімізде құқықтану және қолданбалы лингвистика саласында үздік кадрлар даярлайды, ал университет бағдарламалары QAA, FIBAA, ACCA, CIMA, ICAEW, GARP, CFA Institute, HRCI, CIM және IQAA сияқты жетекші халықаралық агенттіктерімен аккредиттелген.
MNU-ға оқуға түсу шарттары туралы толық ақпаратты осы сілтеме бойынша алуға болады.
23.07.2026
MNU лингвистика саласындағы жаңа білім беру бағдарламасына студенттерді қабылдауда
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
13.10.2026
Қазақстандық әскери қызметшілер MNU-да өздерінің цифрлық дағдыларын кеңейтті
Maqsut Narikbayev University-де (MNU) ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне қызметте жасанды интеллектіні пайдалану бойынша курс...
12.10.2026
MNU мен KASE Academy студенттерге арналған қосымша мамандандыру бағдарламасын іске қосады
Maqsut Narikbayev University студенттері капитал нарығы мен инвестициялық талдауды тереңдетіп оқи алады. Жоғары оқу орнының...
11.10.2026
MNU-да Қазақстанның орнықты дамуы үшін мүмкіндіктері талқыланды
Maqsut Narikbayev University-де (MNU) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі орнықты дамуы үшін мүмкіндіктерін талқылауға арналған сараптамалық...