Maqsut Narikbayev University үш жыл бойы British Council IELTS емтиханына арналған уәкілетті тіркеу орталығы болып табылады. Бұл емтихан әлем бойынша 11 000-нан астам ұйымдар мойындаған ең танымал халықаралық ағылшын тілі тесттерінің бірі болып табылады.
2022 жылдың 7 қыркүйегінде Алматыда British Council IELTS серіктестік бағдарламасының қатысушыларының кездесуі өтті. Кездесуде British Council өнімдері таныстырылып, даму стратегиялары талқыланды және серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктер қарастырылды.
Maqsut Narikbayev University бағдарламаға құрметті мүше ретінде сертификат алып, ал емтиханға үміткерлер вебинарлар мен Road to IELTS онлайн курсы мен тегін дайындық материалдарына қол жеткізе алады.
