Maqsut Narikbayev University-де Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Салли Аксуорси болды. Ол «Қолданбалы дипломатия» курсы аясында дәріс оқыды.
Дәріс барысында Елші өзінің дипломатиялық мансабы, түрлі елдердегі жұмыс тәжірибесі және Ұлыбританияның сыртқы саясаты туралы айтып берді. Ол өзекті халықаралық қақтығыстар мен сын-қатерлерді қозғады және сыртқы саяси басымдықтарға қатысты пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ дипломатиялық өзара қарым-қатынастардың ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды.
«Мен студенттермен кездесіп, олардың пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап беру мүмкіндігіне әрқашан қуаныштымын. Мұндай кездесулер жас ұрпақтын қызығушылықтарын, олардың қазіргі заманғы халықаралық қатынастар мен әлемдік саясаттың болашағын қалай көретінін жақсы түсінуге мүмкіндік береді», – деді Салли Аксуорси.
Айта кетейік, Салли Аксуорси бір жыл бұрын Ұлыбританияның Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын басқарды. Өзінің еңбек жолында ол Ұлыбританияның Ресейдегі, Украинадағы елшіліктерінде жұмыс істеді, Түркия, Кипр және Мальтаға жетекшілік ететін бөлімді басқарды, сонымен қатар Ұлыбританияның Қасиетті Тақ жанындағы Елшісі болды.





