ISE экономика және халықаралық қатынастар мектебінің деканы доктор Сауле Кемелбаева өз зерттеуін таныстыратын Dean’s Lecture Series дәрістер циклі аясындағы ашық дәріске шақырамыз. Зерттеу тақырыбы «2011-2019 жылдар аралығындағы Қазақстандағы гендерлік еңбекақы айырмашылығының динамикасы».
Зерттеу нәтижелері бойынша, 2011-2019 жылдар аралығында гендерлік еңбекақы айырмашылығы тұрақты түрде шамамен 30% деңгейінде сақталған. Декомпозиция нәтижелері көрсеткендей, бұл айырмашылықтың сақталуына салалық сегрегацияның күшеюі әсер етеді, ал әйелдердің адами капиталының жақсаруы бұл үрдісті өтей алмай отыр.
Күткендей, ең жоғары айырмашылық өнеркәсіптік және экономикалық тұрғыдан дамыған өңірлерде, ал ең төмені ауыл шаруашылығы басым кедей аймақтарда байқалды. Екі ірі қалада жүргізілген талдау тік сегрегация мен дискриминацияның бар екенін көрсетеді.
Сондықтан, Қазақстанның еңбек нарығындағы гендерлік теңсіздікті азайтуға бағытталған саясат салалық және өңірлік айырмашылықтарды теңестіруді, сондай-ақ сегрегация деңгейін төмендетуді мақсат етуі тиіс.
28.01.2024
ISE экономика және халықаралық қатынастар мектебінің деканы доктор Сауле Кемелбаеваның дәрістері
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
24.11.2026
В MNU обсудили роль средних держав
В Maqsut Narikbayev University обсудили концепции средних держав и стран Глобального юга. В вузе прошел...
23.11.2026
Халықтық Конституция: MNU-да заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы айтылды
Maqsut Narikbayev University-де Халықтық Конституция аясында заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығына арналған форум...
21.11.2026
Парламентаралық одақ президенті MNU-да болды
Maqsut Narikbayev University-де Парламентаралық одақ Президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Милтон Дик болды. Ол...