“CIPS және юаньның халықаралық деңгейде айналымға енуі” тақырыбындағы дәріс доктор Феликс Чанның қатысуымен өткізіледі. Іс-шара біздің ХЭМ пен American Councils for International Education ұйымының бірлесіп ұйымдастыруымен, U.S.-Central Asia Research Network (U.S.-CARNet) бағдарламасы аясында өтеді.
U.S.-CARNet бағдарламасы АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Қырғыз Республикасындағы АҚШ елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылады және American Councils for International Education тарапынан әкімшілік басшылық жасалады.
Доктор Феликс Чан – Цинциннати университетінің құқық профессоры және Огайо штаты университетінің Мориц құқық колледжінің шақырылған профессоры. Оның ғылыми зерттеу бағыттары: антимонополиялық құқық, қаржы реттеуі және мұрагерлік пен сенімгерлік құқық. Профессор Чан бакалавр дәрежесін Йель университетінде, ал заң ғылымдарының докторы (JD) дәрежесін Мичиган университетінде алған.
Дәріс мазмұны:
Профессор Чан дәріс барысында Cross-Border Interbank Payment System (CIPS) атты трансшекаралық банкаралық төлем жүйесінің антимонополиялық және қаржылық аспектілерін талқылайды. Бұл жүйе Қытай юанінің халықаралық айналымға шығу процесінде маңызды рөл атқарып келеді.
23.04.2024
“CIPS және юаньның халықаралық деңгейде айналымға енуі” тақырыбындағы дәріс
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
13.07.2026
MNU-да Euronews журналистеріне арналған тренингтер өтті
Maqsut Narikbayev University-де Еuronews тренингтері өтті. Іс-шара халықаралық телеарнаның қазақ тілінде хабар таратуын іске қосу...
09.07.2026
MNU Бейжің тіл және мәдениет университетімен қос дипломдық бағдарламаны іске қосады
Maqsut Narikbayev University (MNU) Бейжің тіл және мәдениет университетімен (BLCU) меморандумға қол қойды. Жоғары оқу...
08.07.2026
MNU Қытайдың CCTV+ бейне жаңалықтар агенттігімен ынтымақтастықты бастайды
Maqsut Narikbayev University мен CCTV+ ынтымақтастық туралы келісті. Тараптар өзара түсіністік туралы меморандум жасасты. Келісімге...