2024 жылғы 18 қаңтарда Maqsut Narikbayev University-де халықаралық жария және халықаралық жеке құқық жөніндегі ғылыми мектептің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа ғылыми мектептің миссиясы — халықаралық жария және жеке құқық саласында білімді ілгерілету және зерттеулер жүргізу. Мектептің соңғы жетістіктерінің бірі — халықаралық жеке құқық саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларына арналған «Комментарий» атты практикалық оқу құралының орыс және мемлекеттік тілдерде жарық көруі. Оның авторы — халықаралық құқық кафедрасының PhD, ассистент-профессоры Нұржан Сергалиұлы Ешниязыов. Қазіргі уақытта “Handbook on Kazakhstani Law of Treaties: Collection of Instruments and Materials” және “International Encyclopedia of Laws. Private International Law. Kazakhstan.” атты жобалар бойынша жұмыс жүргізілуде.
Ғылыми мектеп ғылыми семинарлар, дөңгелек үстелдер мен конференциялар ұйымдастыра отырып, халықаралық құқық саласында академиялық және практикалық қызметті белсенді дамытып келеді және осы салада білікті мамандар даярлаумен айналысады.
Арнайы назар студенттерді қолдауға аударылады: мектеп мүшелері Jessup Competition, Vis Moot, Pax Moot, Jean-Pictet Competition сияқты беделді халықаралық құқықтық жарыстарға дайындық бойынша тренингтер өткізеді және «Lex Fantastica» клубының алаңында пікірталастар ұйымдастырады. Maqsut Narikbayev University ғылыми мектебі ынтымақтастыққа ашық және халықаралық жария мен жеке құқық мәселелеріне қызығушылық танытқан барлық тұлғаларды өзара әрекеттесуге шақырады. Мектеп осы саладағы ғылыми бастамаларды дамытуға, сапалы зерттеулер мен сараптамалық кеңес беруге дайын