2025 жылғы 4 ақпанда Дүниежүзілік банк “Қазақстан экономикасына шолу 2025: Болашақты қаржыландыру – ұзақ мерзімді инвестициялар үшін кірістерді арттыру” атты есебін ұсынды. Іс-шарада Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнев кіріспе сөз сөйледі.
Басты баяндаманы Дүниежүзілік банктің экономисі Азамат Ағайдаров жасады. Ол Қазақстан экономикасының ағымдағы жағдайына, фискалдық қиындықтарға және тұрақты өсімге бағытталған стратегияларға тоқталды. Талқылауда салық реформалары, мемлекеттік инвестициялардың тиімділігі, инфрақұрылымдық даму және “жасыл” салық салу мәселелері қозғалды.
Панельдік пікірталас барысында Ұлттық экономика министрлігі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, сондай-ақ “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері фискалдық саясаттың тұрақтылығы, ұлттық даму басымдықтары және жеке сектордың өсуі туралы ойларымен бөлісті.
Студенттер сұрақ-жауап сессиясында белсенді қатысып, маңызды экономикалық тақырыптар бойынша өзекті сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз және келешектегі пікірталастарды асыға күтеміз!
05.02.2025
“Қазақстан экономикасына шолу 2025: Болашақты қаржыландыру – ұзақ мерзімді инвестициялар үшін кірістерді арттыру”
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
25.09.2026
Жалпыұлттық аза тұту күні
Maqsut Narikbayev University Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына қайғыра...
24.09.2026
Шейх Зайд мешіті орталығының басшысы MNU-да болды
Maqsut Narikbayev University-де Шейх Зайд мешіті орталығының бас директоры Юсиф Абдалла Алобаидли болды. Ол университет...
23.09.2026
Аудио подкасттар, Foley-студия және Newsroom: MNU болашақ журналистерді даярлауды күшейтуде
Maqsut Narikbayev University (MNU) болашақ журналистердің практикалық білім алу көкжиегін кеңейтеді. Жаңа оқу жылында синхронды...