2023 жылғы 9 қарашада Maqsut Narikbayev University-де «Animal Law дамуының жай-күйі мен келешегі: заманауи сын-қатерлер призмасы арқылы көзқарас» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Әкімшілік және неміс құқығы ғылыми мектебі Animal Law орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Қатысушылар жануарларды құқық арқылы қорғаудың өзекті мәселелерін талқылап, бұл саланың экологиялық тепе-теңдікті сақтау, экожүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және тірі жандарға адамгершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру үшін маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында жануарларды құқықтық қорғау тек жанашырлық пен гуманизмнің көрінісі ғана емес, сонымен қатар табиғатқа және әлсіздерге құрмет көрсету қағидаттарына негізделген жауапты қоғам қалыптастырудың қажетті шарты екені ерекше аталып өтті.