Maqsut Narikbayev University-де «Қолданбалы дипломатия» курсы аясында қонақ дәрістер сериясы жалғасуда. Күні кеше университетте Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча сөз сөйледі.
Дәріс барысында Саранго Раднарагча өзінің Еуропа мен Орталық Азиядағы орнықты даму саласындағы мол тәжірибесі туралы айтып берді. Ол Қазақстанның БҰҰ-дағы рөлін және 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарын іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар дипломат студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Айта кетейік, биыл БҰҰ өзінің 80 жылдығын атап өтуде. Бұған дейін MNU-да «Болашақ ұрпақ үшін Қазақстан жастарының БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қосқан үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


