MNU Logo
MNU ChatGPT Edu білім беру платформасына қосылады - MNU

28.11.2025

MNU ChatGPT Edu білім беру платформасына қосылады

Maqsut Narikbayev University OpenAI компаниясының ChatGPT Edu білім беру платформасына қосылған жоғары оқу орындары қатарында болады. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек MNU Студенттер қатарына қабылдау іс-шарасында мәлімдеді.

Лицензиялық білім беру платформасы университеттің оқытушылары, студенттері және қызметкерлеріне жасанды интеллект технологияларын оқу, ғылыми және әкімшілік қызметте тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Министрдің айтуынша, пилоттық жоба келесі жылы жүзеге асырылады, ал платформаны қазақстандық университеттер мен колледждердің 40 мың оқытушысы және бірнеше мың студенті пайдалана алады. Сондай-ақ Саясат Нұрбек білім беру моделін түбегейлі өзгерту мақсаты туралы айтты.

Осы жылдың қараша айының басында Вашингтонда өткен C5+1 бизнес-форумы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, OpenAI, Inc. және Freedom Holding Corp. арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжаттың мақсаты – білім беру, цифрлық трансформация және ЖИ технологияларын Қазақстанның жоғары, техникалық және кәсіби білім беру жүйесіне енгізу саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

Айта кетейік, бұған дейін MNU, АХҚО Соты, ХТО, AITU және CUPL заңгерлік құжаттарды әзірлеуге көмектесетін ЖИ моделін құру жөніндегі бірлескен LegalTech Lab жобасын іске қосу туралы мәлімдеді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз