Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристофер Дагган Maqsut Narikbayev University-де сөз сөйледі. Ол «Қолданбалы дипломатия» курсы аясында дәріс оқыды.
Кристофер Дагган Астана мен Оттава арасындағы өзара қарым-қатынастың дамуы туралы айтып берді. Ол студенттермен геосаясат мәселелерін талқылап, екі мемлекеттің ортақ құндылықтары жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар Елші дипломатиядағы өзінің жеке тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің бірқатар сұрақтарына жауап берді.
«MNU студенттерінің болашағы зор. Дипломатияға ең үздік мамандар қажет, сондықтан біз дұрыс бағытта ілгерілеп, бейбітшілік, қауіпсіздік және тату-тәтті өмір сүру мәселелерін кеңінен талқылауымыз керек. Бүгінгі дәрістен кейін қазақ дипломатиясының болашағына үлкен үміт артатынымды қуана атап өтемін», – деді Кристофер Дагган.
Айта кетейік, осы жылдың мамыр айының соңында MNU-да Канаданың мемлекеттік және сараптамалық құрылымдары өкілдерінің қатысуымен халықаралық дөңгелек үстел өтті.


