Maqsut Narikbayev University білім беру саласында жасанды интеллект технологияларын қолдануды кеңейтуде. Университетте екі ЖИ зертхана іске қосылды.
Жаңа зертханалар 100 адамға есептелген. Олар заманауи кәсіби жабдықтармен жабдықталған және лицензияланған ЖИ-сервистер қосылған. Озық технологиялары бар цифрлық кеңістіктер студенттерге нейрожелілерді игеріп қана қоймай, оларды оқу барысында, зерттеу және түрлі жобаларда қолдануға мүмкіндік береді.
Зертханаларда студенттердің заманауи технологияларды тиімді қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған арнайы ЖИ курсы бойынша қорытынды жұмыстарының тұсаукесері өтті. Бұл курс барлық білім алушылар үшін міндетті болды. Бұдан басқа, университетте ЖИ саласында жаңа білім беру бағдарламасын іске қосу жоспарлануда.
Айта кетейік, MNU серіктестермен бірлесе заңгерлік құжаттарды әзірлеуге және өңірдегі құқықтық процестердің тиімділігін арттыруға көмектесетін ЖИ моделін құру жөніндегі LegalTech Lab жобасын іске қосуды жоспарлап отыр.







