MNU Logo
MNU-да Қазақстанның орнықты дамуы үшін мүмкіндіктері талқыланды - MNU

11.10.2026

MNU-да Қазақстанның орнықты дамуы үшін мүмкіндіктері талқыланды

Maqsut Narikbayev University-де (MNU) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі орнықты дамуы үшін мүмкіндіктерін талқылауға арналған сараптамалық сессия өтті. Пікірталас талдау орталықтарының, зерттеу ұйымдарының және БҰҰ құрылымдарының өкілдерін біріктірді.

40-тан астам сарапшы қоғамдағы өзгерістер, технологиялар, экономика, қоршаған орта, саясат және басқару, сондай-ақ олардың Қазақстанның болашағына ықтимал әсері туралы пікір алмасты. Әлсіз белгілерді талқылау және анықтау әлеуметтік, технологиялық, экономикалық, экологиялық, саяси-басқару және құндылықтарды өлшеуді қамтитын STEEP+V форсайт зерттеулерінің кешенді әдіснамасы бойынша құрылды. Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы өкілдігі және Экономикалық зерттеулер институтымен бірлесіп ұйымдастырылды.

«Қазақстан орнықты даму саласында өз алдына биік мақсаттар қойып отыр және оларға қол жеткізу үшін болашақта туындауы мүмкін тәуекелдер мен мүмкіндіктерді алдын ала болжау маңызды. Бұл үдерісте университеттер маңызды рөл атқарады. Олар білім мен зерттеулерден басқа, әртүрлі көзқарастағы сарапшыларды біріктіріп, ел мен әлемге маңызды мәселелерді талқылау үшін кеңістік жасай алады. Біз БҰҰ-ның Қазақстандағы жұмысына өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз», – деді MNU Провосты Анар Ибраева.

Сараптамалық сессия 2026-2030 жылдарға арналған Қазақстан мен БҰҰ арасындағы Негіздемелік ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтті. Қатысушылар өзгерістердің жалпы басымдықтарға әсерін және елдің өзгермелі қажеттіліктеріне БҰҰ қолдау шараларын бейімдеу мүмкіндіктерін қарастырды. Сессия барысында сарапшылар жоғары әлеуетті әсері бар алмағайып оқиғалар мен әлсіз белгілерді талдап, мамандандырылған топтарда жұмыс істеді.

«Біздің бүгінгі мақсатымыз – болашақтың бірыңғай болжамына келу емес. Біздің мақсатымыз – болашақтың қандай нұсқаларын бүгіннен бастап ескеру керектігін түсінуді кеңейту», – деді Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча.

Айта кетейік, MNU орнықты даму саласындағы БҰҰ күн тәртібін қолдайды және бірқатар бағыттар бойынша халықаралық ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Бұған дейін университет БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасымен ынтымақтастық орнатты.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз