
Maqsut Narikbayev University-де Cardiff University Kazakhstan провосты Фил Стивенс болды. Ол университет басшылығымен ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.
Тараптар университеттер арасындағы академиялық байланыстарды нығайту жөнінде пікір алмасып, белсенді түрде байланыста болуға келісті. Фил Стивенс Қазақстандағы жұмыстың басталғаны және білім беру бағдарламаларының кеңеюі туралы айтып берді. Сонымен қатар британдық университет филиалының басшысы MNU қызметі мен заманауи инфрақұрылымымен танысты.
Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Астанада Кардифф университетінің алғашқы шетелдік кампусы ашылды.




