
Maqsut Narikbayev University-де Кувейт Мемлекетінің Қазақстандағы Істер бойынша уақытша сенім жүктелген өкілі Мешари Әл Саигх болды. Дипломат университет инфрақұрылымымен танысып, басшылықпен академиялық ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Тараптар бірлескен ғылыми білім беру бастамаларын жүзеге асыру жөнінде пікір алмасты. Мешари Әл Саигхтің пікірінше, медиа сала өзара қызығушылық тудырады және даму үшін елеулі әлеуетке ие. Сондай-ақ кувейттік дипломат студенттер үшін білім грантын бөлу, университет кітапханасын әдебиетпен толықтыруға қолдау көрсету және жоғары оқу орнына араб тілді оқытушыларды жіберу мүмкіндігін қарастыру туралы мәлімдеді.
Айта кетейік, Кувейт Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды серіктесі ретінде белгілі. 2017 жылы MNU-да мемлекеттің алғашқы атаулы аудиториясы ашылды.


