MNU Logo
Тұрғын үй, емдеу және білім беру: MNU қызметкерлерге жүйелі қолдау көрсетуді жалғастыруда - MNU

10.02.2026

Тұрғын үй, емдеу және білім беру: MNU қызметкерлерге жүйелі қолдау көрсетуді жалғастыруда

Maqsut Narikbayev University корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибелерін қабылдауда. Университеттің 50-ге жуық қызметкері тұрғын үй сатып алу, емделу, несие өтеу және балалардың білім алуына қаржылай көмекті өтеусіз негізде алды.

Университет Well-being (әл-ауқат) тұжырымдамасын ұстанады. Ол физикалық денсаулық, эмоционалдық тұрақтылық, әлеуметтік байланыс және қаржылық тұрақтылықты біріктіре отырып, адамның кешенді әл-ауқатын көздейді. Осыған байланысты 2023 жылы MNU Қызметкерлерді қолдау қоры құрылды. Оның мақсаты – әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға тап болған қызметкерлерге атаулы көмек көрсету және өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдесу.

«Қор қызметі аясында біздің оқытушылар мен қызметкерлерге өтеусіз негізде қаржылай қолдау көрсетіледі. Бұл – қызметкердің, оның жұбайының (зайыбының), балаларының және ата-анасының ауруына байланысты медициналық қызметтерге ақы төлеу. Сондай-ақ ипотека арқылы тұрғын үй сатып алу кезінде бастапқы жарнаны төлеуге жәрдемдесу және шамадан тыс несие алған жағдайда қолдау көрсету. Қызметкерлер Қазақстан аумағында өз балаларының жоғары білім алуына ақы төлеуде де қолдау шараларына үміт арта алады», – деді MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.

Айта кетейік, қор жұмыс істегелі бері 80 өтінім қаралып, оның жартысынан көбін арнайы комиссия мақұлдады. Биыл 10-нан астам қызметкер өзі және отбасы мүшелері үшін емделу мен оңалту мақсатында қаржылай көмек алды. Бұдан басқа, 14 адам өз несиесін өтеді, ал үш қызметкерге ипотекалық бағдарламалар бойынша тұрғын үй сатып алу кезінде бастапқы жарнаны төлеуге көмек көрсетілді. Сондай-ақ осы уақыт ішінде қор аясында бөлінген қаражат көлемі үш есе өсті.

Maqsut Narikbayev University адамдар ең құнды байлық екенін және университеттің табысты дамуы олардың әл-ауқатына байланысты болатынын түсінеді. Қордан басқа университет қызметкерлерге олардың кәсіби өсу мен мансаптық ілгерілеуіне қолдау мақсатында, білім алу және дамыту үшін кең мүмкіндіктер ұсынады. MNU миссиясы – Біз сапалы және қолжетімді білім беру арқылы қоғамға қызмет етеміз.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз