
Вусонг университеті мен Эндикотт колледжінің деканы Ю Тэк Ли Maqsut Narikbayev University-де дәріс өткізді. Әлемдік деңгейдегі тәжірибеші жасанды интеллект дәуіріндегі операциялық қызметтің маңыздылығы туралы айтып берді.
Дәріс барысында сарапшы пассивті жаттаудан үздіксіз оқыту форматына көшудің маңыздылығы туралы баяндады. Ю Тэк Ли Қазақстанның негізгі салаларының талдауын көрсетіп және жүйелі тәсіл технологиялық ресурстарды нақты экономикалық өсімге қалай айналдыратынын түсіндірді. Оның пікірінше, жүйелі ойлау ЖИ-дің бизнестегі рөлін дәл анықтауға мүмкіндік береді және бұл елдегі медицина, финтех және ауыл шаруашылығын дамыту үшін ерекше маңызды.
Дәріс тыңдаушылары елордалық оқу орындарының студенттері мен оқытушылары болды. Профессор Ю Тэк Ли AI-Sana жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі мемлекеттік инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру аясында сөз сөйледі өтті. Сондай-ақ ол MNU инфрақұрылымымен танысып, оқу процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілін жоғары бағалады.
«Мен Maqsut Narikbayev University-ден қатты әсер алдым. Мұнда керемет инфрақұрылым мен өте мықты шығармашылық атмосфера бар. Студенттердің тек білім алып қана қоймай, жаңа идеяларды жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалған», – деп атап өтті Ю Тэк Ли.
Айта кетейік, Ю Тэк Ли Вусонг университетінің (Оңтүстік Корея) халықаралық мектебін басқарады және Эндикотт колледжінің (АҚШ) деканы болып жұмыс істейді. Ол «Lean Six Sigma Toolkits» атты басшылардың операциялық жетiлдiру және бiлiм алу жөнiндегi ғаламдық анықтамалығының авторы.






