MNU Logo
MNU мен РФММ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды - MNU

21.02.2026

MNU мен РФММ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Maqsut Narikbayev University Қазақстанның жетекші оқу орындарының бірімен ынтымақтасатын болады. Университет Республикалық физика-математика мектебімен меморандум жасасты.

Келісімге РФММ делегациясының MNU-ға сапары барысында қол қойылды. Университет басшылығымен кездесуде білім беру бағдарламаларын дамыту және IT саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ қосымша академиялық траекториялар құру және дарынды оқушылар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге ерекше назар аударылды.

MNU Басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары Сергей Пен AI+X жаңа мамандығының іске қосылуы туралы айтып берді. Білім беру бағдарламасы студенттерге алғашқы екі жылда ІТ пәндерін тереңдетіп оқытуға, ал қалған екі жылда университеттің басқа академиялық бағытын таңдауға мүмкіндік береді. РФММ Басқарма төрағасы Руслан Қалиев университетке мектеп түлектері үшін арнайы білім беру гранттар бөлу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Республикалық физика-математика мектебі Қазақстанның жетекші оқу орындарының бірі ретінде жарты ғасырдан астам уақыт бойы математика, физика және информатика саласындағы дарынды балаларды анықтаумен және дамытумен табысты айналысып келеді. Мектеп түлектері республикалық олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетіп, үздік жоғары оқу орындарына түсуде. Бүгінде РФММ өз қызметін Астана, Алматы және Орал қалаларында жүзеге асырады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі дамытуға мүдделілігін растады. Бұдан басқа, РФММ делегациясы MNU инфрақұрылымымен танысып, жоғары баға қалдырды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз