MNU Logo
Жаңа буын басқарушылары: MNU-да МВА бағдарламасының түлектеріне дипломдар табысталды - MNU

01.03.2026

Жаңа буын басқарушылары: MNU-да МВА бағдарламасының түлектеріне дипломдар табысталды

Maqsut Narikbayev University Бизнес мектебінің түлектеріне дипломдар табысталды. Салтанатты түрде 30-дан астам маман МВА дәрежесіне ие болды.

Түлектердің көпшілігі Executive MBA білім беру бағдарламасын тәмамдаған. Басқарушыларға дипломдарды MNU Провосты Анар Ибраева табыстады. Әр дипломда беделді халықаралық FIBAA агенттігінің премиум мөрі бар.

«2009 жылдан бастап Бизнес мектеп мемлекеттік секторда, бизнесте және халықаралық компанияларда шешім қабылдайтын көшбасшылар қауымдастығын қалыптастырды. Біздің бағдарламаларымыз стратегиялық ойлауды, басқарушылық тұрақтылықты және бизнеске жүйелі түрде көзқарасты дамытуға бағытталған. Бұл жай ғана дәреже емес – бұл ықпал етуді күшейту, шешімдер ауқымын арттыру және жауапкершіліктің жаңа деңгейіне көшу құралы», – деді Бизнес мектептің директоры Әселя Әбілдаева.

Әселя Әбілдаева атап өткендей, 30-дан астам түлек еліміздің іскерлік қоғамдастығын нығайтады. Университет МВА және Executive MBA бағдарламаларынан басқа, іскерлік әкімшілік докторларын (DBA) даярлайды және GR, денсаулық сақтау менеджменті және велнес-индустрия бағыттарында сертификаттау бағдарламаларын жүзеге асыруда. Бұдан басқа, тыңдаушыларға Швейцария халықаралық бизнес мектебімен бірлескен қос диплом бағдарламасы қолжетімді.

«Мен оқуды үздік аяқтағаныма қуаныштымын. 2021 жылы түлек атанған жұбайыммен және MNU-да білім алатын ұлыммен бірге, мектептің берген білімі мен тәжірибесін ерекше бағалаймын. Бұл біздің отбасымыз үшін маңызды кезең болды», – деді Бизнес мектептің түлегі Анна Субботина.

Айта кетейік, іс-шара барысында MNU-дың магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларының түлектеріне де дипломдар табысталды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз