Канада Парламенті Сенатында ҚР жаңа Конституциясын қабылдау және қазақ-канада қарым-қатынастарын дамыту перспективаларына арналған сараптамалық-талдамалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада Maqsut Narikbayev University Associate Professor-ы Мүслім Хасенов баяндама жасады.
Дөңгелек үстел Канаданың саяси, парламенттік және сараптамалық ортасы өкілдерінің басын қосты. Қазақстанның Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулетбек Құсайынов екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы, сондай-ақ елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабарлады. Қатысушылар Қазақстандағы ішкі саяси өзгерістерге жоғары қызығушылық танытып, жүргізіліп жатқан реформалардың жүйелігін атап өтіп, елдегі трансформациялық процестерді одан әрі зерттеуге қызығушылық танытты.
Іс-шара барысында MNU Associate Professor-ы, Гарвард университетінің шақырылған ғылыми қызметкері Мүслім Хасенов жаңа Конституцияның маңызы мен оның Қазақстанның одан әрі саяси дамуындағы рөлі туралы жан-жақты айтып берді. Сонымен қатар өткен республикалық референдум қоғам белсенділігінің және оның маңызды саяси процестерге қатысуының жоғары деңгейін тағы да растағаны атап өтілді. Сарапшылар мұндай кездесулерді жалғастыруға және қазақ-канада диалогын одан әрі дамытуға қолдау білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін MNU-да Қазақстанның жаңа конституциялық моделіне арналған талдамалық баяндама таныстырылды.


