MNU Logo
MNU-дағы қолданбалы лингвистика – тіл мен технология арасындағы көпір - MNU

08.04.2026

MNU-дағы қолданбалы лингвистика – тіл мен технология арасындағы көпір

Maqsut Narikbayev University Қазақстанда «Қолданбалы лингвистика» мамандығы бойынша үздік кадрларды табысты даярлауды жалғастыруда. Білім беру бағдарламасы «Атамекен» ҚР ҰКП рейтингінде екінші жыл қатарынан көш бастап келеді.

Жаһандану мен цифрландыру жағдайында тіл тек зерттеу мәні ғана емес, сонымен қатар кәсіби қызметтің құралы. Бұл MNU Жоғары гуманитарлық мектебінде іске асырылып жатқан «Қолданбалы лингвистика» білім беру бағдарламасының басты бағыты. Университет Қазақстанда бірінші болып бұл мамандықты 2019 жылы іске қосты. Бүгінде бағдарламада 400-ден астам студент білім алуда, ал бағыт гуманитарлық және лингвистикалық мамандықтар арасында тұрақты түрде жоғары орындарға ие. Бұл ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары оқу орындарының білім беру рейтингімен және FIBAA халықаралық аккредитациясымен расталады.

Оқу процесі тілді қолданбалы пайдалану идеясының төңірегінде құрылған. Бұл ретте тек лингвистикалық теория ғана емес, алған білімді нақты кәсіби контексте қолдана білу де маңызды. Студенттер тіл тану, мәдениетаралық коммуникация теориясы мен практикасы, мәтінді талдау, академиялық жазу және тілдік саладағы корпустық лингвистика мен цифрлық технологиялар негіздерін үйренеді. Бағдарлама теорияны үйренуге және алған білімдерін іс жүзінде бірден қолдануға мүмкіндік беретін оқытудың гибридтік моделіне негізделген. Сабақтар кейс-талдау, жобалық жұмыс, таныстырылымдар, зерттеулер және практикалық тапсырмалары бар интерактивті форматта өтеді.

«Білім беру бағдарламасының мықты жағы – TESOL майнорымен бірігуі. Бұл түлектердің оқыту және тілдік технологиялар саласындағы кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазір біз бағдарламаны цифрлық лингвистика блогын енгізу мен қазақ тілі бойынша модульді кеңейту арқылы күшейтудеміз. Осының арқасында түлектер тез өзгеретін цифрлық және тілдік ортада сұранысқа ие болады», – деді MNU Провосты Анар Ибраева.

Бағдарламада кәсіпқойлық пен пәнаралық қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлінеді. Екінші семестрден бастап студенттер оқытушылық және зерттеу қызметіне баса назар аударатын Introduction to Applied Linguistics курсы арқылы тіл оқытушысы мамандығына енеді. Оқытушылар құрамына ғылым кандидаттары мен докторлары, сондай-ақ аударма ісі, білім беру, журналистика және халықаралық жобалар саласында жұмыс тәжірибесі бар практиктер кіреді.

«Оқыту барысында тілді білу ғана емес, оның өмірдің түрлі салаларында қалай жұмыс істейтінін түсіну маңызды. «Қолданбалы лингвистика» мамандығы тілдік білімді тәжірибеде және кәсіби болашақта қалай қолдануға болатынын көруге көмектеседі», – деді MNU студенті Әмина Дулат.

Айта кетейік, мамандық иелері аударма қызметі, білім беру, халықаралық компаниялар, медиа, талдау орталықтары және IT салаларында өздерін табысты жүзеге асыруда. Тілдік дағдылардың әмбебаптығы оларға гуманитарлық және пәнаралық салаларда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. «Қолданбалы лингвистика» білім беру бағдарламасы және оқуға түсу мүмкіндігі туралы толығырақ осы сілтемеден білуге болады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз