Maqsut Narikbayev University халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда. Жоғары оқу орны Джордж Мейсон университетімен (АҚШ) меморандум жасасты.
Академиялық ынтымақтастық туралы келісімге MNU Провосты Анар Ибраеваның АҚШ-тың университетіне сапары барысында қол жеткізілді. Тараптар профессорлық-оқытушылық құрамның түрлі ғылыми-зерттеу іс-шаралары мен кәсіптік даму бағдарламаларына қатысуын, бірлескен симпозиумдар, конференциялар, қысқа мерзімді курстар, зерттеулер және қосымша білім беру бағдарламаларын ұйымдастыруға жәрдемдесуге уағдаласты. Сондай-ақ қос дипломдық бағдарламаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылатын болады.
Айта кетейік, Джордж Мейсон университеті құқық, саясаттану, экономика, информатика, инженерлік іс және басқа да академиялық зерттеулердің көптеген салаларында әлемге танымал. 70 жылға жуық уақыт аралығында университет Нобель сыйлығының екі лауреатын және Пулитцер сыйлығының үш лауреатын дайындады.
