MNU Logo
MNU-да Аударма ісі бойынша республикалық олимпиада өтті - MNU

04.05.2026

MNU-да Аударма ісі бойынша республикалық олимпиада өтті

Maqsut Narikbayev University-де алғаш рет Аударма ісі бойынша республикалық пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Сайысқа 11 отандық жоғары оқу орнынан 50-ге жуық студент қатысты.

Іс-шара талантты жастарды анықтау және қолдау, сондай-ақ олардың жазбаша және ауызша аударма саласындағы кәсіби құзыреттерін дамыту алаңына айналды. Олимпиаданың негізгі мақсаты болашақ аудармашыларда аналитикалық ойлау, мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілік және кәсіби қызметте заманауи аударма техникасын тиімді қолдану қабілетін қалыптастыру болды. Сайыс аясында нақты практикаға барынша жақын жағдайларда ілеспе аударма дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды.

Олимпиада ағылшын-қазақ тілдерінің жұбы бойынша екі турда өтті. Бірінші турда қатысушылар қоғамдық, саяси, ғылыми, танымал және кәсіби бағдарланған тақырыптағы мәтіндердің жазбаша аудармасын орындады. Екінші тур ілеспе аудармаға арналды, онда студенттер нақты уақытта аудио және бейне форматында сөз сөйлеуді аударып, жедел талдау және мағынаны дәл жеткізу дағдыларын көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ студенті Тамирис Рахымжан бірінші орын алды. Екінші орынды SDU University студенті Ақтолқын Асылбек пен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті Ғазиза Асқар бөлісті. Үшінші орынды Maqsut Narikbayev University студенті Адия Еркенова, сондай-ақ SDU University студенттері Жаннұр Жүнісәлі мен Әмина Аманелді иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін MNU студенттері Журналистика бойынша республикалық олимпиада мен Қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз