Maqsut Narikbayev University студенттері 18-ші журналистика бойынша республикалық олимпиадада екінші орынды иеленді. Байқау SDU University-де өтті.
Жыл сайынғы студенттік сайыс 15 отандық жоғары оқу орындарының өкілдерін біріктірді. МNU командасы минималды басымдықпен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттеріне жеңіске жол берді. Үшінші орынды Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің командасы иеленді.
«Журналистика және ақпарат» даярлау бағыты бойынша пән олимпиадасы бірнеше кезеңнен тұрды. Қазылар алқасы MNU студенттерінің креативті ойлау және бейне монтаж дағдыларын, сондай-ақ медиа этика бойынша жоғары білім деңгейін ерекше атап өтті. Команданың құрамында Ділназ Қордабай, Арайлым Майсатай және Дәрия Ғұмарова болды.
Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын MNU Халықаралық журналистика мектебінің студенттері журналистика бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанған болатын.





