ҚР Конституциялық Сотында болашақ заңгерлер мен конституциялық бақылаудың жоғары сот органының өкілдері арасындағы диалог алаңы ұйымдастырылды. Maqsut Narikbayev University студенттері мен магистранттары баяндамаларын ұсынды.
Іс-шара барысында қатысушылар Конституциялық Соттың судьясы Сергей Ударцевпен, сондай-ақ бөлім меңгерушілерімен пікір алмасты. Студенттер мен магистранттар Ата заңда билікті бөлу қағидаты, неке институтын Конституцияда бекіту, адамның қадір-қасиетін қорғау және цифрлық өзгерістерді заңдастырудағы конституциялық бақылау органдарының рөлі мәселелерін қамтып, әртүрлі баяндамалар ұсынды. Сондай-ақ азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқығы, тұрғын үйге қол cұқпаушылыққа конституциялық-құқықтық кепілдіктері, Конституциядағы халықаралық шарттардың басымдығын өзгеруі және цифрлық дәуірде дербес деректер мен жеке өмірді қорғау тақырыптары бойынша баяндамалар тыңдалды.
Айта кетейік, диалог алаңы болашақ заңгерлердің конституциялық сот төрелігі мен құқық үстемдігі туралы практикалық білімдерін нығайтуға бағытталған.




